Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды

Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды

Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында Талдықорғанда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды.

  • 4 Шiлде 2022
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгердің сөзінше, сәбидің кіндігі кесілмеген.

«Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) туған ба деп ойлаймын, кішкентай бала екен», — деді куәгер.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз. Айта кетейік, шақалақтың денесі Талдықорғандағы 7 шағын аудандағы 17 үйдің қоқыс төгетін жәшігінен табылды.


Соңғы жаңалықтар