Талдықорғанда жаңа туған сәбиін тастай қашқан анаға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда жаңа туған сәбиін тастай қашқан анаға іздеу жарияланды

Талдықорғанда жаңа туған сәбиін тастай қашқан анаға іздеу жарияланды

Талдықорғанда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Көкек ана бауыр еті баласын көпқабатты үйдегі пәтердің алдына қалдырыпты. Қарны ашып, шырылдаған шақалақтың дауысын естіген тұрғындар полиция шақырған.

  • 18 Қараша 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бірден ауруханаға жеткізілген бөбек қазір дәрігерлердің қарауында. Қыз бала үш күн бұрын дүниеге келген екен. Шақалақтың перзентханада туылмағаны анық дейді мамандар. Себебі, сәбидің кіндігі дұрыс кесілмей, қалай болса солай байланған екен. Біраз тоңып қалған бала қазір емделіп жатыр. Енді оның тасбауыр анасы іздестірілуде. Таяу күндері сәбидің өзі бөбектер үйіне өткізіліп, сол жерде есімі қойылады.

Қымбат Исафина, педиатр:

 —Баланың жағдайы жақсы, қанағаттанарлық. Берсең емеді, жылайды. Бәрі жақсы. Дене қызуы қалыпты.  

Соңғы жаңалықтар