KZ-today ақпараттық агенттігінің Талдықорғандық тілшісінің хабарлауынша, дау-жаңжалдың шығуына бір кәсіпкердің қалалық Ардагерлер саябағына қарасты жерде құрылыс сала бастауына байланысты шықты. Ғимараттың болашақ фундаментін қазып жатқан құрылысшылар сол жерден көптеген адамдардың мәйітін тауып алған. Бұл оқиғаны жасырып қалуға бел байлаған жұмысшылар адамдардың сүйегін бір жерге жинап, үстінен бетонмен жауып тастаған. Оқиғадан хабардар болған жергілікті тұрғындар құрылыс жұмыстарын доғаруды талап етті. Ал учаске қожайыны болса, бұған жауап ретінде өзінің құрылыс салуға қажетті құжаттарының толық екенін мәлімдеген. Бірақ ол құжаттарды көрсетуден бас тартқан.
Осындай қарсылықтан кейін қаланың осы маңдағы ауданы квартал комитетінің төрайымы Галина Гончарова оқиға орнында митинг ұйымдастырып, оған әкімшілік, жергілікті мәслихат және БАҚ өкілдерін шақырды. Митингтен кейін құрылыс жұмыстары доғарылып, кәсіпкер мен құрылыс басшысы саябақ аумағынан кетіп тынды. Қазір журналистер участокты сатып алған кәсіпорынның атауы мен оларда рұқсат құжаттарының бар-жоқтығын анықтауға тырысуда.
Мәслихат депутаты, «Асар» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Виктор Буковтың айтуынша, митингіге келген қала әкімінің орынбасары Виктор Никифоров бұл жерде құрылыс жұмыстары доғарылады дегенге тұрғындарды сендірді.