«Талдықорғандағы тамаша сағат араққа қарсы жарнама жасайды» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Талдықорғандағы тамаша сағат араққа қарсы жарнама жасайды» - республикалық басылымдарға шолу

«Талдықорғандағы тамаша сағат араққа қарсы жарнама жасайды» - республикалық басылымдарға шолу

Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 18 шілде, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

  • 18 Шiлде 2012
  • 647
Фото - Caravan.kz

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, құрамына министрліктер мен ведомстволардың, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың және ұлттық компаниялардың өкілдері кірген Қазақстан делегациясының Испанияға сапары болып өтті. Делегацияға Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев басшылық жасады. Сапар аясында Қа­зақ­стан делегациясының жетек­ші­сі Испания үкіметінің жо­ға­ры лауазымды өкіл­де­рі­мен, атап айтқанда, Сыртқы істер және ынтымақтастық ми­нистрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальомен, Индустрия, энергетика және туризм ми­нистр­лігінің Индустрия, шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі бас хатшысы Луис Валеро Артоламен, сондай-ақ штаб-пәтері Ма­дридте орналасқан БҰҰ Бү­кіл­­әлем­дік туристік ұйымының атқарушы директоры Марсио Фавилламен кездесіп, келіссөз жүргізді. Мақала «Сапар мақсаты — ынтымақтастықты тереңдету» деген тақырыппен берілген.

***

Келесі оқу жылында латын әліпбиін оқытуды бастау керек деп есептейді сеатор, саясаттану ғылымының докторы, профессор Мұрат Бақтиярұлы. Ол бұл бағытта Қазақстанда жүзден астам зерттеу жобасы жасалып, әдебиеттердің кирилл жазуынан латынға аудару шығыны да есептелініп қойғанын айтады. Халық қалаулысы бұл пайымдарын «Айқын» газетіне «Қоғам латын әліпбиіне көшуге дайын» деген тақырыппен берілген сұхбатында білдірген. Басылым тілшісінің барлық сауалына тұщымды жауап берген ол: «Бұл реформаның саяси салмағы да бар. Яғни латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түркі әлемімен жақындасуы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді», — дейді.

«Айқын» газетінің жазуынша, Алматы облысының орталығындағы М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына көптен бері қаланың көркін кіргізіп тұрған, алкогольге қарсы күресті жарнамалайтын ерекше сағат сыйға тапсырылды. «Сағаттың ерекше тетіктері тек уақытты көрсетпей, ауық-ауық суреттерді алмастырып тұрады. Сағат ішінде қолдарында стаканы бар аюлардың мүсіндері қозғалып жүрсе, астында тақпақ түрінде алкогольге қарсы жар­нама қозғалатын», — деп түсін­дірді мұражай қызметкері Р.Бержанова. Мақала «Талдықорғандағы тамаша сағат араққа қарсы жарнама жасайды» деген тақырыппен берілген.

***

«Жылдың аптап ыстығында тұрғындар демалысқа шыққанды қалайды. Қалтасы көтергені шекара асса, ақшасы шамалылары жергілікті курорт пен санаторийді жағалайды. Тіпті оған да шамасы келмейтіндер баршылық. Қысқасы, әркім көрпесіне қарай көсіледі», — деп жазады «Алаш айнасы» газеті бүгінгі санындағы «Курортты жүрміз мақтап құр, курортология ақсап тұр» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, мамандар еліміздегі басым көпшілік демалыс орындарындағы баға шамадан тыс жоғары екенін айтады. Сол себепті табысы орташа тұрғындардың ұғымында арнайы орындарда демалу деген түсінік жоқ. Ал курортта 10-15 күндік ем қабылдап, демалатын болсаңыз, орташа есеппен 300-350 мың теңге шығындауыңызға тура келеді.

***

Ақмоланың қорғаныс істері жөніндегі департаменті айтарлықтай шығынға ұшырапты. Әскери прокуратура ведомствоның қарақшылық операциялық жүйе бағдарламалармен жұмыс істеп тұрған компьютерлерін тәркілеген. Бұл жайында «Экспресс К» газетінде «Майкрософт против Минобороны» тақырыбымен жарық көрген мақалада баяндалған. Басылымның атап өтуінше, әскери комиссариат лицензияланбаған Windows ХР Professional Service Pack 2 бағдарламасымен жұмыс істеп келген. Авторлық құқықты бұзғандары үшін шартты түрде жаза алған әскерилерге аталған бағдарламалардың құны 161 мың теңгеден аспағаннан кейін қаржы полициясы қылмыстық іс қозғамаған. Дегенмен олар 161 мың теңгеге айыппұл төлеуге мәжбүр болып отыр.
Автор: Марлан Жиембай

Перейти к новостям спорта