Талдықорғанның екі әйел тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпегендерді жыныстық мақсатта қанағаны үшін бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанның екі әйел тұрғыны кәмелеттік  жасқа жетпегендерді жыныстық мақсатта қанағаны үшін бас бостандығынан айрылды

Талдықорғанның екі әйел тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпегендерді жыныстық мақсатта қанағаны үшін бас бостандығынан айрылды

Талдықорған қалалық соты екі әйелді кәмелеттік жасқа жетпегендерді жыныстық мақсатта қанау үшін шетелдерге жіберумен айналысқаны үшін бас бостандығынан айырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық прокуратурасының тергеу-тектеру барысын қадағалау бөлімінің бастығы Қадыржан Қиязов хабарлады.

  • 3 Наурыз 2005
  • 412
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Талдықорғанның екі әйел тұрғыны жас қыздарға Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мейрамханалар мен барлардағы жұмысқа шақырумен шұғылданған. Елге келгеннен кейін қыздардың төлқұжаты тартып алынып, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін болған.

Шетелге ақша іздеп кеткен бір қыздың шешесі құқық қорғау мекемелеріне шағым түсіргеннен кейін ғана алаяқ әйелдердің үстінен қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік туды. Қазір зардап шеккен алты қыз құжаттары жоқтыққа байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің түрмесінде үш ай отырып, елге оралды.
28-ақпанда Талдықорған қалалық соты екі әйелдің бірін 5 жылға, екіншісін үш жылға жалпы тәртіпті абақтыда жазасын өтеуге үкім шығарды.
Бүгінде Талдықорғандық екі әйелдің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сыбайластарын Интерпол іздестіріп жатыр. Сонымен бірге 16 жастағы қыздарға жалған құжаттарды кім жасап бергені анықталу үстінде.

Перейти к новостям спорта