Бұл туралы аудан әкімдігі ресми сайтына сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
Белгілі болғандай, 15 желтоқсанда Талғар ауданы Талғар қаласы әкімін сайлау өткен.
Сайлауға 42 774 азамат қатысады деп күтіліп, дауыс беруге 12 875 сайлаушы қатысқан. Осылайша, сайлау қорытындысы бойынша Арыстанбек Абилхаирұлы сайлаушылардың 9071 даусына ие болған.
Ал, Каденов Жәнібек Жанболатұлына 1875 дауыс берілсе, Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы үшін 1140 сайлаушы дауыс берген. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 182 болған. Сайлау қорытындысымен Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды.
Айта кетерлігі, Арыстанбек Абилхаирұлы 1983 жылы туған, ол «Талғар тұрғын үй» ЖШС -нің директоры, Талғар қаласының тұрғыны болып табылады.