Талғар ауданында топырақ көшіп, адамдар эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғар ауданында топырақ көшіп, адамдар эвакуацияланды

Талғар ауданында топырақ көшіп, адамдар эвакуацияланды

Талғар ауданында кеше түнде нөсер жауын жауып, салдарынан 5 елді мекендегі 20 ауланы су басып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 24 Мамыр 2017
  • 886
Фото - Caravan.kz

Талғар ауданында кеше түнде нөсер жауын жауып, салдарынан 5 елді мекендегі 20 ауланы су басып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаевтың айтуынша, түнгі 1 сағат шамасында Талғар өзені бассейнінде топырақ көшкен.

«Қазір саз-балшық көлемі анықталып жатыр. Оқиға болған жерден 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдай салдарынан ирригациялық каналдың аузы бітеліп, саябақ тұрғындарының үйлерін су алды», — деді А.Жұртбаев.

«Қазселденқорғау» ММ хабарлауынша, «Бесағаш-Бесқайнар» автожолының 5-6 шақырымында сел жүріп, саз-балшық массасы жолды жартылай жауып қалған. Жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.


Ал таңғы 4:20 шамасында Қотырбұлақ өзені бассейнінде 18 жерде топырақ көшіп, жолды жауып қалды. Аталған аумақта 45 мм шамасында жауын жауған. Қазір аудан билігі аталған аумақта көліктердің жүруіне тыйым салды.

Облыстық ТЖД мамандары тарапынан комиссия құрылып, төтенше жағдай болған жерде жұмыс жасап жатыр.