Талғарда төрт баланың әкесі әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғарда төрт баланың әкесі әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген

Талғарда төрт баланың әкесі әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген

21 қарашада көппәтерлі үйлердің біріне шақыртылған жедел жәрдем қызметкерлері зорлық зомбылық белгілері бар әйел адамның мәйітін тапқан.

  • 23 Қараша 2017
  • 274
Фото - Caravan.kz

 Алматы облысы Талғар қаласының полициясы осы іске байланысты тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тексеріс барысында жедел жәрдемді 13 жастағы қыз ата-анасының жанжалдасқанын көріп, анасының зардап шегуіне байланысты шақырғаны анықталды.

Өз кезегінде полицейлер оқиға орнына келіп, жәбірленушінің күйеуін ұстады, ол қатты мас болған. Ер адам қызғаныштан адам өлтірді деген күдікке ілінді. Ол әйелін ас пышағымен өлтірген және қылмысын жасырмақшы болып, пышақты жуынатын бөлмедегі кір киімдердің арасына жасырған. 

"Жәбірленуші әйел 36 жаста болған. Осы қылмысқа күдікті ретінде оның күйеуі ұсталды. Мұндай ауыр қылмысқа баруының себебі — қызғаныш болған. Қылмыс құралы табылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес іс қозғалды", — деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 


Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады және қамауға алынды. 

Отбасылық жұптың кәмелетке толмаған төрт баласы бары анықталды, қазіргі уақытта қамқорлыққа алу мәселесі құзырлы органдар шешіп жатыр.