Талғардағы супермаркетті тонау кезінде сатушы қарақшының қаруын тартып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғардағы супермаркетті тонау кезінде сатушы қарақшының қаруын тартып алды

Талғардағы супермаркетті тонау кезінде сатушы қарақшының қаруын тартып алды

Алматы облысында супермаркетті тонамақ болған сәт видеоға түсіп қалды. Оқиға 9 наурызда, кешкі тоғыз шамасында Талғар қаласында болды, -

  • 10 Наурыз 2017
  • 593
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында супермаркетті тонамақ болған сәт видеоға түсіп қалды. Оқиға 9 наурызда, кешкі тоғыз шамасында Талғар қаласында болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға жолданған эксклюзив видеодан дүкенге кірген жігіттің бірден қассаға бет алғанын байқауға болады. Ол сатушы әйелге қару кезенеді. Алайда сатушы әйел мүдіріп қалмай, қылмыскердің өзіне тап беген. Сатушыға өзге әйел мен ер адам көмекке келіп, олар қарақшының қолындағы қаруды тартып алады.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері күдіктінің ұсталғанын хабарлады. "Қазіргі кезде 1994 жылы туған ер адам Талғардың аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы тексеріліп жатыр", — дейді полицейлер. Шабуылдаған жігіттің қолында тегіс ұңғылы қару болған. 20-шы калибр. Сонымен бірге, шабулдаушының сыбайластары бар-жоғы анықталып жатыр. "Қару ресми тіркелмеген. Қазір Талғар АІІБ басшылығы күдіктіні ұстауға демескен тұлғаларды марапаттау мәселесін қарастырып жатыр", — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.


 

Соңғы жаңалықтар