Талғат Ермегияевті үй қамауында ұстау мерзімі 12 қыркүйекке дейін ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғат Ермегияевті үй қамауында ұстау мерзімі 12 қыркүйекке дейін ұзартылды

Талғат Ермегияевті үй қамауында ұстау мерзімі 12 қыркүйекке дейін ұзартылды

Сот ірі көлемдегі ақша сомасын ұрлауда күдікті деп танылған «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын үй қамауында ұстау мерзімін ұзартты.

  • 6 Тамыз 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова хабарлады.

«Кеше №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевке қатысты үй қамауында ұстау туралы бұлтартпау шарасын үш айға дейін, яғни 2015 жылдың 12 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы өтінішін қарастырып, қанағаттандырды», — деп хабарлады ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі «б» тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік таңылды.

12 маусымда Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының шешімінен Талғат Ермегияев 2 айлық мерзімге үй қамауына алынды. 


Соңғы жаңалықтар