Талғат Мұсабаев ғарыш туралы мемуарларын зейнеткерлікке шыққан соң ғана жазады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғат Мұсабаев ғарыш туралы мемуарларын зейнеткерлікке шыққан соң ғана жазады

Талғат Мұсабаев ғарыш туралы мемуарларын зейнеткерлікке шыққан соң ғана жазады

ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы Талғат Мұсабаев оқырмандарға ғарышта болу және отандық космонавтиканың қызметі туралы мемуарлары қамтылатын кітапты зейнеткерлікке шыққан соң ғана жазуды уәде етті.

  • 19 Қараша 2015
  • 795
Фото - Caravan.kz

«Маған бұл сұрақты жиі қойып отырады, 150 рет қойған шығар. Бірақ бұл өте жақсы сұрақ, мен тіпті әлі күнге дейін бұл туралы бірде-бір жол жазбағаныма ұяламын. Бірақ, біріншіден, қазір қолым бос емес. Ол көп еңбектенуді, бос уақытты қажет ететін жұмыс екенін өздеріңіз түсінетін шығарсыз», — деді Т.Мұсабаев ҚР Ұлттық мұражайында өткен «Жұлдызды жолдардың батырлары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел қатысушыларының сұрақтарына жауап беріп.

ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы ғарыш саласында жұмыс істеу жылдарында жинаған тәжірибесі 10 кітапты жазуға жететінін мойындады.  Алайда Т.Мұсабаевтың бүгінгі жұмысының күрделі кестесі оны жасауға мүмкіндік бермей отыр. «Мемуарларға келсек. Мен зейнеткерлікке шыққанда, өз мемуарларымды жаза бастайтын шығармын, жазатын қызықты жайттар көп. Бірақ қазір қолым бос емес», — деп қосып өтті ҚР Авиациясының генерал-лейтенанты.


Соңғы жаңалықтар