Талғат Татубаев жемқорлыққа қарсы бюроны басқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғат Татубаев жемқорлыққа қарсы бюроны басқаратын болды

Талғат Татубаев жемқорлыққа қарсы бюроны басқаратын болды

Талғат Татубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына басшы боп келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ

  • 28 Қыркүйек 2016
  • 581
Фото - Caravan.kz

Талғат Татубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына басшы боп келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Талғат Маратұлы Татубаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды", — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне басшы болып Қайрат Қожамжаров тағайындалған еді. 


Талғат Татубаев 1976 жылдың 9 қазанында Қарағанды қаласында туған. 1997 жылы ол Қазақстан Республикасының Басты тергеу комитетінің Қарағандыдағы жоғарғы мектебін тәмамдаған.