Т.Жайлауов жарақат алғандардың тізіміне Астананың халықаралық әуежайындағы оқиғадан кейін енген болатын. Жанкүйерлер оны көтеріп, сәлден соң құлатып алған-ды. Нәтижесінде спортшының миы шайқалып, мойын омыртқасы зақымданды деген диагноз қойылды. Хоккейшінің нақты қашан жазылатыны туралы айтылмағандықтан, Жайлауов Минскіде өтетін әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін деген болжам айтылды. Енді спортшы әлем біріншілігінде қазақстандық құраманың сапында өнер көрсетеді деген үміт пайда болды.
Еске сала кетсек, жарақаты үшін шабуылшы Гагарин кубогы жолындағы жарыста уфалық «Салават Юлаевпен» болған тартыста өз командасына көмектесе алмады. Хоккейден әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Минскіде өтеді. Ал келесі аптада ел құрмасы аталған жарысқа дайындықты бастайды.