Тальго пойыздарына 1000-нан астам бейнебақылау камералары орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тальго пойыздарына 1000-нан астам бейнебақылау камералары орнатылды

Тальго пойыздарына 1000-нан астам бейнебақылау камералары орнатылды

Енді вагондардағы жағдайлар тәулік бойы бақылауда болады.

  • 7 Ақпан
  • 6
Фото: ҚТЖ

Тальго пойыздарының 24 құрамында 1350 бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі пойыздардағы бейнебақылау жүйесі ең осал аймақтарды қамтитынын мәлімдеді. Олар:

-вагондар;

-кіру және шығу есіктері;

-жалпы пайдалану орындары.

Бұл құқықбұзушылықтардың алдын алуға, билетсіз жолаушыларды анықтауға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

“Бейнебақылау камераларынан алынған ақпарат тек Ұлттық тасымалдаушының жедел басқару орталығының уәкілетті қызметкерлеріне ғана қолжетімді. Жоба іске қосылған сәттен бастап жылжымалы құрамға тұрақты мониторинг жүргізіледі, ал бейнематериалдар жолаушылардың шағымдарын объективті тергеу үшін пайдаланылады», – делінген хабарламада.

Перейти к новостям спорта