Жарияланды: 480

«Тальго» вагон шығару зауыты ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі

«Тальго» вагон шығару зауыты ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Локомотив құрастыру зауытында өткен брифинг барысында «ҚТЖ» АҚ «Жаңа және импортты алмастыратын жобалар орталығы» филиалының директоры Мақсұт Исақов айтты. «Бүгінгі күні әлем жүрдектігі жоғары әрі жайлы қозғалыс көліктеріне көшіп жатыр. Ал «Тальго» вагондары 2004 жылдан бері Қазақстанда пайдаланып келеді. Сондықтан да, әлеуетті әріптес ретінде жолаушылар вагондарын шығаратын «Тальго» испандық компаниямен бірлескен зауыт салынып жатыр. Биыл жылдың соңына дейін «Тальго» вагон шығару зауыты салынып бітуі тиіс және 17 жолаушылар вагонын да шығарып үлгеруі керек», - деді М. Исақов. Оның айтуынша, зауыттың толық қуаттылығы 150 жолаушылар вагонын құрайды. Сонымен қатар, аталған зауыттың вагондарына Орталық Азия елдерінің сұранысы қазірден түсіп жатыр. Мәселен, Өзбекстан Республикасы тарапынан «Тальго» вагондарына тапсырыс түскен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін