Тәліптер ауған әйелдерінің университетте оқуына тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәліптер ауған әйелдерінің университетте оқуына тыйым салды

Тәліптер ауған әйелдерінің университетте оқуына тыйым салды

Ауғанстанда (Қазақстанда экстремистік деп танылған және тыйым салынған) биліктегі Талибан қозғалысы ауған әйелдерінің бұдан былай университетте оқи алмайтынын мәлімдеді. 

  • 21 Желтоқсан 2022
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдердің университеттерге кіруіне шектеу бірден күшіне енеді және бұл шектеудің қанша уақытқа созылатыны белгісіз, делінген елдің білім министрлігі таратқан мәлімдемеде.

Ауғанстандағы әйелдер үнемі білім алу мүмкіндігінен айырылады.

Өткен жылы тәліптер қыздардың орта мектептерге баруына тыйым салған.

Биыл наурыз айында тәліптер қыздар мектебінің жақын арада ашылатыны туралы бірнеше хабарлама жібергеннен кейін шетелдік үкіметтердің сынына ұшырап, ақыры оларды жабулы күйінде қалдырды.

Ауғанстан ЖОО-на оқуға түсу емтиханы үш ай бұрын өтті. Оқуға түскендер арасында мыңдаған қыздар бар.

Бірақ олар оқи алатын пәндер мен мамандықтарға қатаң шектеу қойылған: әйелдерге ветеринария, инженерия, экономика және ауыл шаруашылығы мамандықтарын меңгеруге тыйым салынды, ал журналистикаға қатаң шектеу бар.


Өткен жылы Талибан Ауғанстандағы билікті басып алғаннан бері университеттер бөлек оқу ақысын енгізіп, ерлер мен әйелдер оқуға бөлек есіктен кіретін болған.

Сонымен қатар, әйелдерге белгілі бір жастан асқан басқа әйелдер немесе ер адамдар ғана сабақ бере алатын.

Қараша айында Кабулдағы әйелдерге қалалық саябақтарға кіруге тыйым салынды. Талибан мұндай әрекеттер шариғат нормаларын бұзады деп есептейді.

Шамамен сол уақытта Ауғанстан астанасында әйелдерге бассейндер мен спорт залдарына баруға болмайтыны хабарланды.