Ауғанстанның Ар-ұят министрінің міндетін атқарушы Мохаммад Халед Ханафи әйелдер саябақта хиджаб тақпағанын айтып, дін қызметкерлері мен қауіпсіздік органдарына бұл мәселенің шешімі табылғанша оларды саябаққа кіргізуге шектеу қою керегін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Bugin.kz сайтына сілтеме жасап.
2009 жылы құрылған Банд-э-Амир — Ауғанстандағы алғашқы ұлттық саябақ. Парк тұрғындар арасында отбасымен уақыт өткізетін танымал орын болатын.
Ауғанстанның бұрынғы парламент депутаты Мариам Сулейманхил шектеуге қатысты өлең шығарып, бұрын Twitter атауымен танымал болған Х әлеуметтік желісінде "Біз ораламыз, оған сенемін" деп жазды.
Ал Human Rights Watch өкілі Ферешта Аббаси әйелдерге Әйел теңдігі күнінде саябаққа баруға тыйым салғанын атап өтіп, "бұл – Ауғанстан әйелдеріне көрсетілген құрметсіздік" деп жазды.
Жақында тәліптер Ауғанстандағы шаштараздар мен сұлулық салондарын жабуды бұйырды, ал шілденің ортасында әйелдерге ұлттық университеттерге түсу үшін емтихан тапсыруға тыйым салды.