Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев кинофестиваль Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәуір айында Таллинде табысты болып өткен мемлекеттік сапары шенберінде біздің елдер арасындағы жан-жақты істестікті нығайту туралы келісімдерді қисынды жетілдіретінін атап өтті.
«Таллин — Еуропаның мәдени астанасы 2011» бағдарламасының ұймдастыру комитетінің өкілі — Таллинн қаласы әкімінің орынбасары Михаил Кылварт қазақ кинофестивалінің ұйымдастырушыларына алғыс айтып бұл шара эстондық астанасының мәдени өмірін байытқанын атап өтті.
Таллиндегі қазақтың кино күндерін ашқан «Секер» фильмін эстондық көрермендерге режисер Сәбит Құрманбеков өзі ұсынды. Қазақстандық режисер қазақ киносының бүгінгі күнде дамып келуін атап осындай шаралар халықтарымыздың мәдени байланыстарын нығайтып бір-біріне жақынырақ және түсінікті болуына көмек беретініне сенім білдірді.
Фестиваль барысында эстондық көрермендерге Қуат Ахметовтың «Кімсіз, Ка мырза?», Канағат Мустафиннің «Серпініс», Фархат Шариповтың «Алқызыл қоян туралы ертек» және Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» фильмдері ұсынылады.
Таллиндегі Қазақтың кино күндерінің эстон тарапынан Мәдениет министрлігімен, «Культуркапитал» қорымен және Эстондық Ұлттық қоғамдарының «Лира» одағымен ынтымақтастықта «Отаку» киножаймалау компаниясы және Қазақстан тарапынан Қазақстанның Балтық елдеріндегі Елшілігі бірлесіп ұйымдастырып отыр.