"Талпынып, бірақ кете алмаған": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі марқұм Салтанатқа қатысты еш жерде айтылмаған құпиясымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Талпынып, бірақ кете алмаған": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі марқұм Салтанатқа қатысты еш жерде айтылмаған құпиясымен бөлісті

"Талпынып, бірақ кете алмаған": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі марқұм Салтанатқа қатысты еш жерде айтылмаған құпиясымен бөлісті

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахраман марқұм Салтанат Нүкенованың не себепті Бишімбаевтан кете алмағанын жасырмай айтты.

  • 5 Сәуiр
  • 694
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Назым Қахраманның айтуынша, мұндай қарым-қатынастан бас тарту қиынға соғады екен. Экс шенеуніктің бұрынғы әйелі өз басынан өткен оқиғамен де бөлісті.

«Салтанат неге кете алмады? Ол талпынған, бірақ кете алмаған. Сенген, үміт артқан. Бір-біріне тәуелді қарым-қатынаста солай болады. Абьюзерге «жоқ» деп айтқанға дейін, 80 пайыз жұмысты жәбірленушінің өзі жасауы керек. Ол кезде жапа шеккен жан ұят, қорқынышпен бетпе-бет келеді. Онда аяушылық сезімі де тууы мүмкін. Мұндайда ол өзін таңдауы керек. Өзінің ішінен өзіне тіреу таба білуі керек. Немесе сырттан көмек іздеп, Бақытжан сияқты соттан көмек сұрауы тиіс. Болмаса полицияға арыздану керек. Мысалы мен осындай көмек алу үшін, психологтың көмегіне жүгіндім», — деп ағынан жарылды Назым Қахраман.