"Талып қалдым": Танымал журналист күйеуінен қалай таяқ жегені туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Талып қалдым": Танымал журналист күйеуінен қалай таяқ жегені туралы айтып берді

"Талып қалдым": Танымал журналист күйеуінен қалай таяқ жегені туралы айтып берді

Белгілі журналист Меруерт Әйтенова отбасылық өмірі туралы тосын әңгіме өрбітті. Ол күйеуінен қалай таяқ жегені туралы айтып берді.

  • 5 Қаңтар 2023
  • 825
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Hit tv арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Біз де әйелміз. "Күйеуімнен таяқ жедім" дейтін әйелдерге таң қаламын. Күйеуіңнен таяқ жесең — бақыт емес пе?! Күйеуің болса, таяқ жейсің. Күйеуің болмаса кімнен таяқ жейсің? Таяқ жеу дегенде аяқ-қолды сындыру емес. Күйеу болғаннан соң онда кішкене бір дөрекілік болу керек. Еркек болғаннан кейін гүрілдеп еркекше жүру керек. Сені "әй!" деп тыйып тұрмаса, әйел деген құтырып кетеміз", —  дейді Меруерт Әйтенова.

Осыдан кейін күйеуінің алғаш не себепті ұрғаны туралы бөліскен. 

"Бірінші таяғымды қайын апаларым үшін жегенмін. Бір күні күйеуіміз екеуміз шай ішіп отырмыз. "Осы сенің апаларың бірдеңе-шірдеңе" деп данышпан болып отырмын. "Е, қой!" деді. "Қоймаймын мен. Айтып-айтып тастаймын" деймін. Бір кезде қай жақтан келгенін білмеймін құлақ шекеден соққы. Талып қалғанмын. Төбемде күйеуім отыр. Ол кезде журнал ашқанмын. Көкірек деген ұрып тұр. Күйеуім "Ей, кім болсаң ол бол. Менің бауырларым туралы аузыңды ашып көрші. Екінші айтатын болсаң, көміп тастаймын" деді. Бірден ана сөзге көне алмайсың ғой. Айқайлап үйімді үш айналдым. Үш күн ренжіп жүрдім. Төртінші күні ойландым", — деген ол.