Актердің өзі айналдырған бір-екі айдың ішінде 20 келі тастағанын "Ревью" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Сырқат тәнімді емес, жанымды жықты", — деген актер әлі күнге дейін ем қабылдап жүр екен. Анасының қазасынан кейін, тіпті іштей қатты күйзеліске де тап болған.
Әбунасыр Серіков, актер:
Тамақ та іше алмай қалдым. Кішкентай пиаладағы тамақты да. 85 келіден 60 келіге түстім. Ем іздеп көп жүрдім, қазір тәуірмін, салмақ қайта қосып жатырмын.
1,5 ай үйде ауырып жатып қалған Серіков, кейіннен ел-елді аралап, емші іздеп кетіпті. Себебі созылмалы аурулары сыр беріп, заманауи медицина қауқар білдіре алмаған.
Әбунасыр Серіков, актер:
Бәріне бардым, бүкіл Қазақстанды араладым, батыстан бастап, шығыс, оңтүстік, солтүстікке дейін. Оның бәрін көбісі білмейді. Қай жерде емші бар десе сол жаққа бас тарттым. Уколын да, системасын да, қытайлық емді де алдым, сынықшыларға да бардым ақыры…
Десе де, бүгінде еңсесін тіктеген актер киноға түсу үшін дайындыққа кірісіп кетіпті.
Әбунасыр Серіков, актер:
20 шақты, 30 шақты ұсыныс түсті. Бірақ оның барлығына шамам жоқ. Денсаулық болмаса, қалай киноға түсемін. Сондықтанда көбісінен бас тартып, сериал емес, толықметражды фильмге түсуді жөн көрдім. Мені танымай қаласыздар