«Тамақ пен та*сақ» көрсе, естері шығып қалады: Ауызашардан соң билейтін әншілер қатты сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тамақ пен та*сақ» көрсе, естері шығып қалады: Ауызашардан соң билейтін әншілер қатты сынға қалды

«Тамақ пен та*сақ» көрсе, естері шығып қалады: Ауызашардан соң билейтін әншілер қатты сынға қалды

Ораза айында ауызашар беретін әншілер қатты сыналды. 

  • 18 Сәуiр 2023
  • 959
Фото - Caravan.kz

Ауызашарды жоқшылықтағы адамдарға беру керек, дейді Тортуыл Шоқан фейсбуктегі парақшасында. 

Ауызашарды кімге береді? Жағдайы жоқ, тамағы жоқ міскінге ме, айналасындағы дос-жаранға ма? Желіде көтерілген тақырып қызу талқыға түсті. 

Әншілер айналасындағы тоқ адамдарды жинап, тамақтанып болып, билейді дейді халық. Одан соң, арты биге ұласатынын, оны мақтан тұтып, әлеуметтік желіге мақатана көресететіндер жайлы айтылды. 

«Ораза—шоу» немесе қазақтың ауызашары..

Ораза—бардың қадірін арттыру;

Жоқшылықтағы адамдарға көмек беру;

Өлілер мен тірілер үшін дұғада болу;

Барыңа шүкір, жоғыңа жоспар жасау!

Қазақтар, әсіресе өнер атын жамылып жүрген өнерсіздер қылығына таңмын.

Тоқ таныстарын жинап— тамаққа тойып алғасын ыңыранып ән айту не әдет?

Камера алдында жалған амандасу, себепсіз күлу, бойында жоқ қасиетті бар етіп көрсету кімге керек?

Осы иттірліктерінен бұзылып жатқан ұрпақ бар.

Қиналған қазақ үшін — бар деп санайтын құдайларыңнан дұға тілеңдер, ақымақтар!

Сол халық қой сендердің фонограммаларың үшін миллиондап ақша төлейтін!

«Тамақ пен тасақ» көрсе естері шығып қалады-ау деймін осылардың, ә?


Салихалы әңгіме айтып, соны неге желіге жүктемеске?

ҚМБД ға бәрібір.

Оларға пітір беретіндер саны көп болса болды.

Тәрбиемен ісі жоқ.

Міңгірлемей қатты қатты айтып—қара су қара нан мен ауызашып отырған жанұялардың барын ескерту керек-қой осындайларға!

11 айда 11 рет қисық басқан, оразаның 1 айында 1 рет «түзу» басқан қадамдары бағыттарын түземейтінін де айту керек!

Оразаны ұстадың ба — дұрыс ұста!

Дұрыс ұстай алмайсың ба, онда қоя қой, болды.

Мәселе, жастарды жалғандыққа тәрбиелеп отырсыңдар!

Ұғыңдар осыны!", деп жазды автор. 

"Ораза тұтты ма шаңырағында көп нәрседен тыйылып,іштей рухани өз өзін тәрбиелеу. Қазіргі ораза шынымен шоу", "Ауызашарға тек карапайым, жетім жесір жандарды шақырудың орнына тойынғандарды жинап алып сурет, фото салып мақтанататынын қайтерсіз?", "Ораза деген де шоу боп кетті ғой. Бізге бәрібір күліп отыра береміз", деп жазды оқырмандар.