Тамара Асар өзінің өмірлік қорғаны туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамара Асар өзінің өмірлік қорғаны туралы айтып берді

Тамара Асар өзінің өмірлік қорғаны туралы айтып берді

Тамара Асар бала күнгі естелігін бөлісіп, соңынан ерген бауырларына қалай қамқорлық танытқанын баяндап берді.

  • 3 Тамыз 2016
  • 3755
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде Тамара Асар арманына жеткенін айтқан болатын. Жұрт мұны әншінің жеке өміріндегі өзгеріске балаған-ды. Оның шын мәнінде нені меңзегені әзірге белгісіз. Ол бұл арманы туралы ашып айтпаса да, бала күнгі естелігін бөлісіп, қазақы тәрбиенің артықшылықтарын атады.

“Мамамыз тойдан 3 кәмпит әкеледі. Оның екеуі Беріктікі, біреуі маған (үлкен апаларым кәмпиттен дәмесіде болмайды). Ол кезде Серік әлі кішкентай, кәмпит жейтін тістері енді шығайын деп келе жатқан. Сонда бүкіл ауладағыларға айналып, бір түйір кәмпитімді қағазының (фантигінің) құлағынан ұстап алып мақтанып, жүгіріп қайтып келгенше, Берік 2 кәмпитін тауысып алып, маған қарап тұрады да “Тома, мен ана сарайдың үстіне мінсем, не болады?”- дейді.

Сонда мен “Биқош, сен мінбей-ақ қойшы, құлап кетсең қайтем, кәмпитімді саған берейін, мінбеші” деп азарда, безер боламын. “Жарайды” деген кезде сілекейім шұбырып тұрып, кәмпиттің қағазын ашып, оны ауызбен қылдай бөліп,  үлкендеуін уәде берген Берігімнің аузына салып, кішілеуін “шәйнап-шәйнап тіспен жұмсартып, арбада дым түсінбей қарап отырған, кіші інім Серіктің аузына салып жіберемін. Сөйтіп өзім кәмпиттің қағазын иіскеп, қолмен үтіктеп қырлап қалтама салып аламын.


(“Кеше мен тәтті кәмпит жедім” деп ертең мақтану үшін) өзім бағанағы ауызбен бөлгендегі сілекейімді ұзақ ұстап тұрып, тіліммен таңдайымды жұтынып, қағаздың иісіне мас болып, бақыттан басым айналып, “ағамды аман алып қалдым” деген ерлік сезіммен, ініме тәтті бердім деген қамқор сезіммен раxат күй кешемін. Қазақ деген халықтың дана тәрбиесіне ризамын, ұлды бәрінен биік қойған. Бүгінде сол кәмпиттер мен сілекейлер менің қорғандарым мен ормандарым, ұзағынан сүйіндірсін. Бауырларыңыз аман болсын!” – дейді Тамара Асар.

Желі қолданушылары мұндай естеліктердің өздерінде де бар екенін айтып өтті. “Тамарадай қарындасы бар ағаңыз қандай бақытты еді. Ұзақ та бақытты өмір тілеймін”, “Керемет сөз тауыпсыз”, “Мұндай барлық жанұяда болады. Сіз әсерлеп жазыпсыз”, “Бәрінде дәл осындай қамқорлық болады деп айта алмаймын” дейді олар.