Тамара Асар тағы да ауырып, жақын арада сахнадағы қатты қиналғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамара Асар тағы да ауырып, жақын арада сахнадағы қатты қиналғанын айтты

Тамара Асар тағы да ауырып, жақын арада сахнадағы қатты қиналғанын айтты

Тамара Асар тағы да ауырып, жақын арада сахнадағы қатты қиналғанын айтты.

  • 12 Қыркүйек 2018
  • 462
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Әнші аяғының ауыратынын бұрын-соңды оқырмандарына айтып жүретін. Жақын арада тағы да ауырып сахнада қиналған кезін тағы да жазды: 

"Қазақта жыламаған балаға емшек жоқ"-деген сөз бар ғой. Мен өзім іштей "тәкәппар" шығармын жағдайымды айтып,жылап не сұрап көрмеппін. Аяғымды қайта басып саxнаға шыққан кезде 22 жаста едім. Қып-қызыл юбканың астына ісіктен жуандаған жаралы аяқтан қан сорғалап тұрса да ән айтып, жымиып төмен қарап тұрған кезімді ешқашан ұмытпаушы едім. Жақында аяғым қайта қатты ауырып саxнаға мені Ғаділбек сүйеп шыққанда сол баяғы сәтті жақсылап еске түсірдім. Көздің көрінбейтін жасымен жотадан ауырғанды жеңуге жанталасқан жанның тері сорғалады. Саxнаның шеті мен центрінің арасы 5 ақ метр жер маған 5 шақырымдай алыс болды. Одан кейін достарыма уәде беріп қойып едім, барамын деп сол тойға бардым, келінді алып шыққанда ертіп жүруші едім,ол жолы келінге сүйеніп жүрдім, зал мұнша үлкен болар ма еді, әнде ұзақ сияқты болды, залдың шетіде жеткізбеді. Иін тірескен Халық жапа тармағай жабысып, суретке түсіп жатыр, бірдеңе деуге шамам бар ма? Итеріп жіберсем, "мінез көрсетті өзінше екен"-боламын, құлап қалсам "Мас" атануым мүмкін, жұлқынсам, өзімді жұлып жіберуі мүмкін "неде болса, тағы да жәй жымиып" шыдауға тура келді. Уа шіркін Жаратқаным, Жасағаным "Ауырдымға салып,бәрін өзіңнен көріп жататұғын жалқаулықты бермепсің маған" Мендегі не деген жанталас, не деген өмірге деген құштарлық, әлде ашыққандық па?-деп тағы да өз-өзіммен ішкі сөйлесуге кіріп кеттім… 

Соңғы жаңалықтар