Жарияланды: 40

Тамара Дүйсенова: Қазақстандықтардың кірісі төмен екенін мойындауымыз керек

Тамара Дүйсенова: Қазақстандықтардың кірісі төмен екенін мойындауымыз керек Сурет - Stan.kz

Зейнетақы қорына жасалатын салымдардың аздығы - міндеттелген салымдарды төлеуден жалтарудың нәтижесі емес, көптеген қазақстандықтардың кірістерінің төмендігінен.

Бұл туралы бұрынғы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының жетекшісі Тамара Дүйсенова "Хабар 24" арнасындағы "Круглый стол" бағдарламасы барысында мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зейнетақы қорына жасалатын міндеттелген салымдардан жалтару үшін қазақстандықтар шынайы кірістерін көрсетпейді деп болжам жасаған бағдарлама жүргізушісі, белгілі экономист Рахым Ошақбаевқа Тамара Дүйсенова мұның себебі басқада жатқанын айтты. 

"Зейнетақы қорындағы жиналған ақшаның аздығы төмен кірістермен байланысты болуы мүмкін. Мұны мойындау керек. Салым жасайтынтардың басым бөлігі ең төменгі жалақы мөлшерінен жасайды", - деді ол.

Зейнетақы қорындағы жинақтарды экс-министр білім алу немесе жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдалану мүмкін дейді. 

"Бірақ бұл жерде ескере кететін жәйт, бұл жылжымайтын мүлік алу үшін арналмаған жинақтар екенін түсіну керек. Зейнетақы қорындағы жинақты Ұлттық қормен салыстыруға болады. Ұлттық қор - барлық елдің стратегиялық ресурсы, ал зейнетақы қорындағы жинақтар - әрбір қазақстандықтың зейнеткерлік жасқа жеткенде пайдалана алатын стратегиялық ресурсы", - деді Дүйсенова. 

Ол зейнетақы қорындағы жинақтарды тек әр адамның шотында қартайған шағын қамтамасыз ететін сома жиналғанда ғана пайдалану мүмкін екенін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін