«Тамаша» әзіл-сықақ театры кезекті мерекелік кешін өткізбек
|
Жаңа жылдық-жаңа әзіл! Ертең, қазақ әзіл өнерінің қара шаңырағы-«Тамаша» театры Республика сарайында кезекті мерекелік кешін өткізбек. Қазір ұжымның соңғы сахналық дайындықтары пысықталуда.
Биыл театрдың әзіл төрінде жүргеніне 34 жыл толып отыр. Бірақ жыл озған сайын өнер отауының беделі өспесе, түскен жоқ. Оған «Тамашаның» әрбір кешін тамашалауға келетін халықтың әлі де көптігі кәуге болса керек. Теленұсқасын да қалт жібермейді. Осы тұста айта кетсек, «Тамашаның» тартуын енді тек «КТК» эфирінен көруге болады. Себебі әзіл отауы мен біздің арна бірлестік орнатып отыр.
Асылбек Боранбай, «Тамаша» әзіл-сықақ театрының Бас режиссері:
- Бұрын-соңды болмаған интермедиялар, тақырыптар болады, ерекшеліктері көп. Бірақ оның барлығын құпия ұстап отырмыз. Бірақ Алла бұйырса, Республика сарайында 8-желтоқсанда сағат 18:30-да барлығына куә болады деген ойдамын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін