"Тамашаның" тарланы Тұңғышбай Жаманқұлов миллиондарды жымқырды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тамашаның" тарланы Тұңғышбай Жаманқұлов миллиондарды жымқырды деген күдікпен ұсталды

"Тамашаның" тарланы Тұңғышбай Жаманқұлов миллиондарды жымқырды деген күдікпен ұсталды

Баяғы "Тамашаның" кезінен танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов бүгін ұсталған. Бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының "Феникс" көркем фильмін түсіруге бөлінген қаржының жымқырылғанын анықтауы себеп. 

  • 3 Қараша 2016
  • 2824
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аталған бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

Тергеушілер "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне фильм түсіруге 79 миллион теңге бөлгенін анықтаған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов қалтасына басыпты. Актер аталған ЖШС-ның құрылтайшысы екен. 

Қаржы қосалқы мердігерлік мекемелер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, Тұңғышбай Жаманқұловқа берілген.


Сонымен қатар, ақша жымқыруға "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақова мен фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені дәлелденіп,олар сот санкциясымен қамауға алынды.
 

Соңғы жаңалықтар