Тамыз айында Қазақтанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ауқымды тексеру басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамыз айында Қазақтанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ауқымды тексеру басталады

Тамыз айында Қазақтанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ауқымды тексеру басталады

2005-жылдың тамыз айында Қазақтанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ауқымды тексеру басталады. Бұл туралы бүгін, 18-шілдеде Астанада қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармалары жетекшілерімен өткен кеңесте ҚР әділет министрі Зағипа Балиева құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Шiлде 2005
  • 354
Фото - Caravan.kz

З.Балиеваның айтуынша, «қамаудағыларды бір мекемеден екіншісіне көшіру, соның ішінде тұтқындарды емдеу мақсатымен көшіруге баса назар аударылатын болады». Министр кеңеске қатысушыларға арнаған өз сөзінде қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ауруханалардың бәрі де қатаң бақылауға алынады деп мәлімдеді. Сол арқылы дәрігерлердің тұтқындар денсаулығына немқұрайды қарауына жол берілмейтін болады, деді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы қылмыстық атқару жүйесін ізгіліктендіру жұмыстары одан әрі жалғасын табады. Сонымен бірге түрмелер аясында жұмыс істейтін «Еңбек» РМК-ның жұмысын қалпына келтіріп, тұтқындардың 90 процентін жұмыспен қамту да таяу уақыттағы мақсаттардың бірі. Осындай мақсатпен қылмыстық атқару жүйесі комитеті бірқатар заңдарға енгізілетін түзетулер жобасын әзірледі. Оларда сотталған адамдарды кәсіптік дайындау және қайта дайындау жұмысына жергілікті атқарушы мекемелерді тарту, сондай-ақ, қамаудағылардың тапқан пайдасынан азық-түлік құны мен коммуналдық -тұрмыстық төлемдерді ұстап қалудан босату қарастырылған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құқықтық реформалардың нәтижесінде елімізде тұтқындар саны 1999-жылғы 64 мыңнан қазір 44 мыңға дейін азайды. «Түрме тұрғындары» деп аталатын индекс бойынша, Қазақстан дүниежүзіндегі 3 орыннан 25-орынға төмендеді.

Перейти к новостям спорта