Тамыз айында ЖЖМ көтерме саудадағы бағасы бөлшек саудадағы шекті бағаның 87% деңгейінен аспайды - МГМ
Мұнай және газ министрлігі негізгі мұнай өнімдерін ұстаушылармен тамыз айында ЖЖМ көтерме саудадағы бағасын бөлшек саудадағы шекті бағаның 87% деңгейінен асырмайтындығы туралы келісті, деп ведомство баспасөз қызметінен хабарлады. |
Меморандум 27 шілдеде нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыруға арналған кеңес қорытындысында қабылданды. Оған МГМ басшысы Сауат Мыңбаев, бәсекелестікті қорғау агеттік өкілдері, табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) өкілдері және мұнай мен мұнай өнімдерінің ресурстарын иеленушелір қатысты.
Бұрын хабарланғандай, елдегі бірқатар ЖҚС иелері мұнай өнімдерінің бағасының өсуі мен көтерме саудадағы баға төмендігі олардың жұмысының тиімділігін төмендетіп, шығынға түсіріп жатқандығын мәлімдеген. «Гелиос» компаниясы жекелеген қалаларда АИ-92 бағасын литріне Т113 көтерді. Ал отынның бұл түріне деген шекті баға Т102 болатын. ЖҚС иелері Қазақстанда тек бөлшек саудадағы баға емес, көтерме саудадағы баға да реттелгенін талап етуде.
27-ші шілдеде Қазақстан үкіметі ЖЖМ бөлшек саудадағы баға шегін көтерді. Тамыз айында бөлшек саудада Аи-92/93 бензині-106тенге/литр, Аи-80бензині-86,00тенге/литр, дизель отыны- 90,00тенге/литр болады.
Еске салсақ, үкімет ЖЖМ шекті мәнен 2009 жылдан бері бекітуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін