Тамыз айы 41 градус аптап ыстықпен басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамыз айы 41 градус аптап ыстықпен басталады

Тамыз айы 41 градус аптап ыстықпен басталады

«Қазгидромет» РМҚ алдағы үш тәулікке арналған күн райын жариялады

  • 29 Шiлде 2024
  • 9
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет синоптиктері 30 шілде-1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — деп хабарлады синоптиктер. 

Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.

«1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты аптап болады», — деп болжанып отыр.