Тамыздың аяғында Астанада Қазақстан еңбекшілерінің екінші құрылтайы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамыздың аяғында Астанада Қазақстан еңбекшілерінің екінші құрылтайы өтеді

Тамыздың аяғында Астанада Қазақстан еңбекшілерінің екінші құрылтайы өтеді

26-27-тамызда Астанада Қазақстан еңбекшілерінің екінші құрылтайы өтеді. Бұл туралы бүгін, 17-тамызда өткізілген баспасөз мәслихатында Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев жұртшылықты құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 17 Тамыз 2004
  • 361
Фото - Caravan.kz

С.Мұқашевтың хабарлауынша, құрылтайға еліміздің түпір-түкпірінен келген экономиканың барлық саласы мен әлеуметтік саланы қамтитын 304 өкіл қатысады. 26-тамызда құрылтайға қатысушылар түрлі министрліктер мен мекемелердің жетекшілерімен жүздеседі. Құрылтайдың жалпы отырысы 27-тамызда ашылады.

С.Мұқашевтың айтуынша, құрылтай барысында еңбекшілер мүддесіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланады деп күтілуде. «Еңбекшілердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғаудың мейлінше сенімді әрі жаңа әдістерін іске қосатын уақыт жетті»,- деп атап көрсеткен ол кәсіподақ ұйымдарында барлық өзекті мәселелер бойынша ұсыныстары бар екенін жеткізді.
Бұған қоса құрылтайда еңбек өнімділігін арттыру, еңбекшілер мен кәсіподақ ұйымдарының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, агроөнеркәсіптік және тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға мүдделілікпен атсалысуы туралы мәселелер қаралады деп күтілуде,-деді С.Мұқашев.
Кәсіподақ ұйымдарының федерациясы төрағасының айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстанда 4,5 млн. адам жалдамалы қызметкерлер болып табылады. Олардың 2 миллионы кәсіподақ ұйымдарына мүше.
Қазақстан еңбекшілерінің алғашқы құрылтайы 1998-жылдың қараша айында өтті.