Сапар бағдарламасына сәйкес, Жапония үкімет басшысы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен жүздеседі.
Бұл Д.Коидзумидің Орталық Азияға жасағалы отырған тұңғыш сапары, деп хабарлайды елшілік.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-30-тамыз аралығында ол сондай-ақ Қазақстанға да келіп, мұнда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Тараптар екі жақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылап, халықаралық проблемалар туралы пікір алмасады.