Жарияланды: 450

Таңдаушылардың отырыстары қалыпты, тыныш және іскерлік жағдайда өтті - ОСК

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 4 қазан күніАстана уақытымен күндізгі 13 сағаттағы жағдай бойынша, таңдаушылардың отырыстарына мәслихаттар депутаттарының 97,7 % қатысты.

Таңдаушылардың дауыс беруі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында аяқталды. Тиісті сайлау комиссиялары оның қорытындыларын шығарды. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарында дауыс беру жалғасуда. Облыстардан, Астана мен Алматы 202 байқаушыны тіркеген. Соның ішінде: сенат депутаттығына кандидаттардың 14 сенім білдірілген адамдары, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 50 байқаушысы, саяси партиялардың 14, қоғамдық ұйымдардың 9 байқаушысы, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының 110 өкілі тіркелген. Таңдаушылардың отырыстары қалыпты, тыныш және іскерлік жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары мен жергілікті билік органдары қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларды қабылдады. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлау процесіне қатысушылардан, азаматтар мен ұйымдардан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Өңірлерде дауыс беру аяқталып, оның қорытындылары шығарылған бойда облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына дауыс берудің бастапқы қорытындыларын ұсынды. Дауыс беру нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы сағат 17.00-де өтті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін