«Қалалық ТЖД мен «Алматытелеком» ҚТО қызметкерлері жақын арада орналасқан дабыл нүктесі Розыбакиев көшесі, 33 а мекенжайындағы №67 мектептен дабыл қосылмағанын анықтады», - деді баспасөз қызметі.
Айта кету керек, көпшіліктің хабарлауынша, бүгін таңғы 5 шамасында Алматы тұрғындарын төтенше жағдай дабылы оятты. Дабыл бір сағаттай уақыт бойы қосылып тұрған. Дабылды Алмалы ауданының тұрғындары анық естіген.