Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Тик токтағы Нұрлан имамның журналистке берген сұхбатын естіп жағамды ұстадым. Алла сақтасын! "Бәріміз намазхан болып кетпеуіміз керек. Исламизация болып кетпеуіміз керек" деген. Алла сақтасын! Бұл өте қауіпті сөз. Сонда бұл сөз тәңіршілдердің сөзінен еш айырмашылығы жоқ. Тәңіршілдер не дейді? "Дін бар жерде ғылым дамымайды" дейді. Бұл кісі дәл сол сөзді қайталап отыр. Ал Құранның бірінші аяты "оқы" деп түскен білесіздер. Ислам діні бұл ғылым діні", — деді Нұралы Бақытұлы.