"Тәңіршілдік - исламға қарсы ойлап табылған жоба", - Шығыстанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тәңіршілдік - исламға қарсы ойлап табылған жоба", - Шығыстанушы

"Тәңіршілдік - исламға қарсы ойлап табылған жоба", - Шығыстанушы

Тәңіршілдіктің тарихи таным ретінде насихатталуынан өте көп зардап бар. Себебі бұл – тексерілмеген қатеинформация.

  • 28 Қаңтар 2021
  • 239
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, шығыстанушы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Мүминов айтты, — деп хабарлайды Facebook желісіндегі "Иманды қазағым" парақшасы.

"Деректерде тәңіршілдік хақында еш сөз жоқ. Мен VIII-XVIII ғасырлардағы парсы, араб, түркі-шағатай, ойрат тілдерінде жазылған деректерді зерттеймін. Олардың ешқайсысында тәңіршілдік туралы мәлімет жоқ. Егер біз XIV-XVI ғасырлардағы түркілердің мәдениеті,діні туралы сөйлейтін болсақ, сол дәуірдегі деректерге сүйенуіміз керек. Ал ол деректерде тәңіршілдік хақында еш сөз жоқ. Керісінше, (прото)қазақтардың ХІІ ғасырдан Ислам қабылдағаны туралы айқын дерек, дәйекті пікір бар.

Өздері қолдан дін жасамақ болған әрекеттердің мыңдаған мысалын білеміз, олардың барлығы нәтижесізаяқталған. Мысалы. қазір кейбір қырғыз ғылымының өкілдері «Әрбір мәдениет бірегей өз дінімен бұл дүниеге келді» дейді. Арабтар болса – Ислам, Таяу Шығыс елдері – христиан, иудаизм деген сияқты. Олар «түркі халықтары өзінің жаңа дінімен тарих сахнасына кіру керек» деген жаңа бір сөзді айтады. Бұл ешбір нәрсеге тура келмейді. Себебі қырғыздар ХVI ғасырдан, одан бұрынғы протоқырғыз тайпалары VIII ғасырдан Ислам дінінде.

Ойлап табылған нәрсе:

Сенім жүйесі болу үшін қасиетті Кітабы, Пайғамбары, қасиетті мәтіндері, т.с.с. болу керек. Тәңіршілдікте мұндай жүйе, құлшылық практикасы жоқ екенін, мұның ойлап табылған нәрсе екенін біз айтуымыз керек. Ендеше, тәңір сөзі, ем практикасы, шамандар туралы Сібірде жазып алынған материалдар негізінде Қазақстанда тәңіршілдікидеясын көтермелеу – қате.

Бірінші рет «халық арасында «тәңіршілік», «шаманизм» дейтін ұғымдар бар екен» дегенді орыс (!) зерттеулерінен (саяхатшылар, шенеуніктер, орыс шіркеуі өкілдерінің жазбаларынан) кездестіреміз.

Бұл проблеманы бірнеше кезеңге бөліп қарасақ болады.

Қара нанымның басында кім тұр?

Егер ғылыми тұрғыда қарасақ, оны айналымға енгізген кешегі ХІХ ғасырдың өкілі Доржы Банзаров болды. Ол өзінің «Черная вера» кітабында «Бурят-моңғол халықтарының ішінде тек қана буддизм, яки ламаизм ғана тарамаған, олардың өзінің ескі дін, ескі ұғымдары үстем болды, екі жүйе бір бірімен айқасқан формада тұр»деген пікірді айтты.

Кейін мұны Ш. Уәлиханов әрі қарай жаңғыртып, шаманизм туралы мақаласын жазады. Банзаров тәсіліне салып,«Қазақтардың арасында (ол қырғыздар деп атайды) шаманизм элементтері бар, ол Исламмен араласқан бір формада тұр» дейді. Алайда, тарихи шындық үшін атауымыз керек – Уәлиханов өз шығармасында ешбір тарихидерекке сүйенбеген, оның материалы – ХІХ ғасырдағы халық өмірі, әдет-ғұрыптары, ауызша фольклор негізінде құралған. Мұндайға сүйеніп қорытынды жасау – ғылыми тұрғыдан тура емес деп есептеймін.

Тәңіршілдікті қазаққа таңу саясаты


Неліктен тәңіршілдікті отар жұрттарға ортақ мәдениет ретінде көрсеткісі келеді? Біріншіден, тәңіршілдікті енгізуге күш беріп бастаған патша үкіметі болды. Өздеріңізге жақсы мәлім, өз колонияларында Ресей империясыправослав дінін таратуды мақсат етіп қойды. Сол үшін ол жерлерде идеологиялық жұмыс жүргізіп, «халықтардың мәдениеті терең емес, мемлекетшілігі болған емес, идеологиясы, мәдениеті, діні болған емес, бұлар язычниктер»деген ұғымды таратуға әрекет жасады.

Бүтін ғылымы осы үшін қызмет етті. Бұл бағытта Ресей мәселен, Якутия, Алтай, Бурятияда христиан дінін таратып, жетістікке ие болды. Бірақ мұсылман қазақ даласында, мұсылман халықтар арасында бұл идея өтпеді.Орынбор мұсылман мәжілісі құрылғаннан кейін, жұмыс басқа бағытқа бұрылды.

Екіншіден, Кеңес өкіметі кезінде де бұл саясат жалғасты. Сол үшін кеңес этнографтары бұл тақырыпқа әр уақыт оралып, көп мән беріп, көп экспедициялар жасағанын көреміз. Өздері Ислам дінін білмейді, Орта Азия халықтарын зерттегенде бұл мәдениеттегі Ислам туралы сөйлемейді, сонымен қатар, Исламға дейінгі мәдениетэлементтері бұл жерде бар деген ұғым шығарады. Бұл этнографтар да XIX-XX ғасыр материалдарымен жұмыс істеген, ендеше олар тарихи кезеңдерге, халықтың сеніміне байланысты қалай қорытынды жасап, баға айтуы мүмкін?

Өте көп зардабы бар

Тәуелсіздік заманында тәңіршілдік туралы сөз айтатын «ойшылдар» шыға бастады. Бұл жерде талдау жасайтын болсақ, ескі коммунизм, атеизм идеясы құлаған соң, кейбір атеистік адамдар дін мәселесінде өзінің позициясынтаба алмай қалды. Сол үшін олар әртүрлі ойдан тапқан идеяларын дамытып, өздерінің клубтарын, интернеттесайттарын ашып, сондай жұмыс жүргізіп жатыр.

Біз руникалық түркі жазбаларына иеміз. Тәңіршілдікті дәріптеушілер соның кейбір элементтерінен бармақ ішінен сорып, жаңа идеялар жасауға әрекет жасайды, бір кішкентай мәтінді 200 түрлі интерпретация жасап, өздерінің ойларын осы жазбаларға таңғысы келеді. Ондай ой болмау керек, себебі зерттеушілер мәлім бір әдістерге,теорияларға сүйеніп жұмыс істейді.

Тәңіршілдіктің тарихи таным ретінде насихатталуынан өте көп зардап бар. Себебі бұл – тексерілмеген қатеинформация. Қате ақпаратты таратудың қандай ауыр салдарлары болатынын өзіңіз жақсы білесіз. Олар қазіргі уақытта болып жатқан идеологиялық соғысқа қатысып жатыр. Бұл әсіресе, жастарға жаман әсер етеді.

Сөз соңында, үш дәуірді салыстырып қарасақ, тәңіршілдікті исламға қарсы болған жоба деп атауымыз мүмкін", — деді Әшірбек Мүминов.