"Таңғы асымды күйеуім дайындайды": Айгүл Иманбаева өмірінің кинодағыдай екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.57
  • 566.59
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Таңғы асымды күйеуім дайындайды": Айгүл Иманбаева өмірінің кинодағыдай екенін айтты

"Таңғы асымды күйеуім дайындайды": Айгүл Иманбаева өмірінің кинодағыдай екенін айтты

Кинодағыдай күйеуді кездестірген өнер иесінің айтуынша, күйеуі таңғы ас дайындаса, түскі асты әншінің өзі пісіреді.  

  • 17 Желтоқсан 2024
  • 584
ФОТО: Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Актриса Айгүл Иманбаева жеке өмірі жайлы ашылып айтты:

Мен күйеуімнің қасында бейқаммын, еш уайымым жоқ. Тек ұйқымды қандырып, еркелеп жүремін. Таңғы асыма дейін төсегіме әкеліп береді. Мені солай еркелетіп отырады. Жақсы нәрсеге етің тез үйренеді. Тіпті тамағымды істейді. Кейде үйде тамақ істегің келмей қалады. Түсті асты мен дайындасам, таңғы асты күйеуім дайындайды. Осылай бөліп алғанбыз.  Кешкі ас ішілмейді. Екеуміз жарысып кітап оқимыз. Оқыған кітаптарымызды талдап, дискуссия жасаймыз. Осындай қызық нәрселер бар. Кейде бәрі кинодағыдай болып кетеді. Бірақ өмірде шынымен де сондай күйеулер бар екен.

Жақында Астанаға енем келді. Оған ет асып, күтудің өзі бір рахат екен. Керемет дүние екен. Менен келін бол деп, талап етіп жатқан жоқ. Ол отбасының өресі бөлек адамдар.

«Азанда тамағыңды төсекте жуынбай жатып жей бересіңбе сонда», «Қыршубай әңгіме.Осы шегірткелер шаршатты. Біресе байын,біресе төсегін,біресе ішкен тамағын», «Әй малғұн! Жуынып-шайынбай, көзінді аша салып шай ішесің бе? Осындай саудын тамағын ішіп аурудын сөзін сөйлейтіндерге таң қалам», деп жазды халық.