Танымал әншілер тұңғыш рет өткізілетін «Gakku дауысы» фестивалінде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал әншілер тұңғыш рет өткізілетін «Gakku дауысы» фестивалінде өнер көрсетеді

Танымал әншілер тұңғыш рет өткізілетін «Gakku дауысы» фестивалінде өнер көрсетеді

13 қыркүйек күні Алматыда Астана алаңында «Gakku дауысы» алғашқы фестивалі өтеді. Оған отандық эстрада жұлдыздары қатысады, деп хабарланған Gakku TV музыкалық телеарнасының ресми сайтында. 

  • 25 Тамыз 2014
  • 505
Фото - Caravan.kz


Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні көпшілік алдына Роза Рымбаева, Алмас Кішкенбаев, Мақпал Исабекова, Алтынай Жорабаева, Дильназ Ахмадиева, Ақылбек Жеменей, Парвиз Назаров, Иван Бреусов сынды әншілеріміз, сондай-ақ белгілі қазақстандық «Rin'Go», «Melo'Men», «DomiNo» топтары шығып, өнерлерімен тәнті етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Gakku TV ағымдағы жылдың 2 шілдесінен бастап хабар тарата бастады. Ол қазақстандық музыка әлеміне арналған бірден-бір телеарна болып табылады.

Перейти к новостям спорта