Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов отау құрып, үйлену тойын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов отау құрып, үйлену тойын өткізді

Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов отау құрып, үйлену тойын өткізді

Биылғы жылы Голливудты қазақ домбырасының күмбірімен тәнті етіп, жүлдені қанжығасына байлаған «Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрімова шаңырақ көтерді.

  • 17 Тамыз 2018
  • 77
Фото - Caravan.kz

Күні кеше дүркіретіп тойын өткізген жігіттің серісі соңғы сәтке дейін отау құратынын жасырып келген, деп хабарлайды Stan.kz.

Алпамыс Шәрімов үйлену тойын Орал қаласының төрінде дүркіретіп өткізді.

Танымал продюсердің таңдауы атыраулық Мөлдір есімді аруға түскен.

Шәрімов Instagram-парақшасында қалыңдығымен түскен суретін жариялап, “Иә, солай”, – деп жазған.

Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Жас жұбайлардың тойына эстрада жұлдыздары да келіп, қуанышына ортақтасты. Олардың ішінде әнші Гүнұр Оразымбетова, Ерке Есмахан, Серік Ибрагимов, «Бастау» тобы, тележүргізуші Жанар Байсемізова бар.

Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Алайда әйгілі әнші Димаш Құдайберген бала күннен досы Алпамыстың қуанышынан табылмады. Тіпті, желідегі парақшасында да досын атаулы күнімен құттықтамаған.

Ал Алпамыстың желідегі оқырмандары оны шаңырақ көтеріп, отағасы атанған күнімен құттықтап, ақ жарма тілектерін жаудырып жатыр. Белгілісі, қазіргі уақытта Димаш Қытайда жүр.

Соңғы жаңалықтар