Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz—ке сілтеме жасап хабаралйды.
"35 жастағы зілтеміршінің денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұрғылықты жерінен табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылықпен өлу белгілері табылмады. Туыстарының айғақтарына қарағанда, ер адам өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алынды", — делінген хабарламада.
Владимир Седов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының рекордсмені. Сәтті өнер көрсеткені үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.