Танымал тележүргізуші әйелдердің күйеуінен жылдар өте келе бәрібір суып кететінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал тележүргізуші әйелдердің күйеуінен жылдар өте келе бәрібір суып кететінін айтты

Танымал тележүргізуші әйелдердің күйеуінен жылдар өте келе бәрібір суып кететінін айтты

Бұрынғы тележүргізуші Жанат Бақыт әйел мен күйеудің арасындағы отбасылық қарым-қатынас жайлы ой бөлісіпті.

  • 14 Қыркүйек 2017
  • 15346
Фото - Caravan.kz

Ол сан жылдар бойғы отбасылық өмірден соң "бәрібір, бәрі уақытша екен" деп ой қорытыпты фейсбуктегі парақшасында. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

«Шаңырақ көтерген алғашқы жыл бар емес пе, көзіңді ашсаң, қасыңда біреу жататын жыл ше… Сол алғашқы 1-2 жылдың раxатынан барынша ләззат алуға тырысу керек екен. "Ләззат" дегенде басқаша ойлап қалмаңыз, құрсын (негізі ол да бар..) енді оңаша қыз-жігіт болып киноға барып, демалыс орындарына барып, серуендеп алыңыз, өйткені сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынас қанша тырыссаң да, сол кездегідей "тәтті, әпетитно" болмайды», депті бұрынғы тележүргізуші.

Жанат Бақыт отбасындағы ерлі зайыптылардың ара-қатынасының неліктен суыйтынын де түсіндіруге тырысқан. Оның айтуынша, мұндай жағдай көпшіліктің басынан өткен. Яғни неси қарызы, ипотека, жұмыстағы проблемалар, түрлі түсініспеушілік қосағыңмен ренжістіреді. Тіпті ұсақ түйек ұрыс-керіс арадағы сезімді суыта береді екен.

Экран арқылы көпке танылыған тележүргізуші құмарлық сезімге қатысты да өз түйгенін айтыпты:

«Шаңырақ көтерген кездегідей емес, "құмарлық сезімі" жыл өткен сайын өшпесе, жана қоймайды. Әйел құлақпен сүйетін бейбақ емес пе, анша-мұнша күйеуінің семіріп, сүйкімсіз боп бара жатқанына мән бере қоймайды, ал ер адам көзімен сүйеді, онсыз да 88 міндеті бар әйелдерге псиxологтардың "Ең алдымен сұлу болып жүр" дейтіні сол себепті сияқты», — депті.

Көптеген кикілжіңнің сәби дүниеге келгеннен соң басталатынын айтқан Жанат Бақыт осы кезеңнен аман өтсең бары жақсы болады деген кеңес те береді. Әйтседе, үйде бірнеше баламен мыйы ашыған әйелдің ашуын күйеуінен алатынын мойындапты.

«Елдің өтірік жылтыраған өміріне сеніп, қатарынан қалып қойғандай сезінген әйел, ашуын жұмыстағы күйеуінен алады.
"Сағат 7 болды ғой, қайда жүрсің? Ааа? Жұмыстағылармен кафе? Оxxx оңбаған? Баланы қалай жуындырам? Құлатып не басын соқсам қайтесің тазикке, а? Келме ваще
онда! Раxат сенікі әйтеуір!" деп қоя саласың трубканы (Үйдегі әйел күйеуі кафеге сұранса осылай сөйлеседі). Жылайсың потом жынды құсап»,- деп ағынан жарылыпты Ж.Бақыт.

Сондай-ақ отбасылық өмірде ең алғашқы сәбидің дүниеге келуін «қайталанбайтын студенттік шақ сияқты» десе, екінші, үшінші балада депрессия басталады депті. Күйеу мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасқа балалардың ұзақ жылдар бойы ортаға жатып алуының да себеп болатынын айтқан.

Ол жайлы былай деген:

«Менікі 8 жыл болды, туғалы қырық сылтаумен бөлек жатпайды. То "жастығым ыңғайсыз, сендердікі күшті!" деп таңда кеп тұрады, немесе "ана бөлме ыстық, сендердікі күшті" деп тұрады. "Тағы біреуін тусаң ортаға алып жатамыз" деп қояды.

Сондықтан қыздар, шаңырақ көтерген кездің алғашқы жылы сүйгендеріңмен жатып-жатып алып, тұңғыштарыңмен отырып-отырып әр минуттан "Ләззәт" алып алыңдар!»,- деп аяқтапты.

Еске салсақ, Жанат Бақыт сан жылдар бойы телеарнада қызмет етті. Ал қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Сондай-ақ ол қайырымдылық істерімен де шұғылданады.