Танымал заңгер елдегі су тасқыны туралы: "Халықтың мәселесіне келгенде неге бастарың істемей қалады" - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал заңгер елдегі су тасқыны туралы: "Халықтың мәселесіне келгенде неге бастарың істемей қалады"

Танымал заңгер елдегі су тасқыны туралы: "Халықтың мәселесіне келгенде неге бастарың істемей қалады"

Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек елдегі тасқын суға қатысты өз пікірін білдірді.

  • 1 Сәуiр
  • 41
Фото - Caravan.kz

Ол осындай жүйесіздікке жол берген атқамінерлерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында білдірді.

«Жапон елі мұхиттың үстіне биік қабатты үй тұрғызып жатқанда, біз тақыр жерде отырып жәй ғана қардың еріген суын игере алмай отырмыз. Отыз жылда мықты мамандар жемқорлыққа батқан елден шет елге кетті. Нәтижесінде зардабын қара халық көріп отыр. Бізде мықты инженер мамандарға мүмкіндік бергенде, бұндай апат болмас еді.

Біздің еліміздің жеріне өзгелер қызыға және қызғана қарайды. Оны игере алмай жатқан өзіміз. Қардың еріген суын, үлкен су қоймасын жасап сонда жинап, жазда егістікке пайдалансақта болар еді. Әттең оған жемқорлардың басы жетпейді. Жыл сайын су тасқынан құтқаруға миллиардтап ақша бөле бермей, Жапон елінің мықты инженер технологтарын шақырып бір жолата шешіңдерші.

Су таситын аймақтарды зерделеп, судың астында қалмаудың жолдарын олар бір ақ күнде шешіп береді! Өздеріңнің миларың істемесе, халықтың игілігі үшін миы істейтіндерге беріңдерші. Мен қарсы емеспін Жапонияның мықты мамандарын шақыруға. Әшейінде жәй ғана театр қойылымдарына 2 миллион доллар бөліп сол жақтан режиссер шақырғанда бәледейсіңдер, ал халықтың мәселесіне келгенде неге бастарың істемей қалады?

Осындай су тасып, табиғат апаты болған кезде, Халыққа қол жайып қайыршыланып қаласыңдар! Елге қайтып жатқан активтер қайда? “Қазақ халқына” қорына құйылып жатқан миллиондар қайда? Азық-түлік, коммуналдық қызметтер күнделікті өсіп жатқанда, халыққа қол жаюды тоқтатыңдар! Отыз жылда Қазақ жерінің байлығын сатып, байып кеткен 162 байды сілкілеңдер!

Халықтың сендерге беретін түгі жоқ! Қайта Үкіметке қол жаймай, өз күндерін көріп отырғандарына рахмет айтыңдар!», — деп жазды ол.