«Мбао» командасы ел біріншілігінің аясында сырт алаңда «Мвадуи» командасына қарсы ойнаған. Мришо гол соққанан соң бірнеше минуттардан кейін жерге құлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінуіне тура келген. Өкінішке орай, жедел жәрдем көлігінде қажетті құралдар болмай, ойыншының жүрегіне жасанды массаж жасалынған. Дегенмен, дәрігерлер Исмаилдың өміріне араша түсе алмады. Футболшы емханаға жеткен кезде қайтыс болған.