Қымбат көлік банктен шығысымен бірден осы тұраққа кеп аялдаған. Ішінде бір дорба ақшасы бар екенін білсе керек мына бір жігіт телефонен сөйлескен болып оны айналшықтап жүр. Ұры машинаның артқы терезесін сындырып, 3 миллион теңгені алып тұра қашқаны кадрда анық көрінеді. Кейін жүгірген бойы өзін күтіп тұрған автокөлікке мініп, із суытқан. Тайға таңба басқандай болып таспаға түсіп қалған қылмыскерлерді полиция 4 күннен бері тынбай іздегенімен, таба алмай жатыр.