"Тапқан пайданың 20 пайызын салық ретінде алу керек": Танымал кәсіпкер Сырымбек Тау халықтың депозитіндегі ақшаға көз тікті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тапқан пайданың 20 пайызын салық ретінде алу керек": Танымал кәсіпкер Сырымбек Тау халықтың депозитіндегі ақшаға көз тікті

"Тапқан пайданың 20 пайызын салық ретінде алу керек": Танымал кәсіпкер Сырымбек Тау халықтың депозитіндегі ақшаға көз тікті

Белгілі кәсіпкер, меценат Сырымбек Тау халықтың депозитіндегі ақшаға салық салу қажеттігін атап өтті.

  • 27 Ақпан
  • 802
Instagram/Аман Тасыған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Кәсіпкер өз ойын журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлім етті.

«Бізде таза пайданың салық ретінде 20 пайызын алады. Неге депозиттен тапқан пайданың 20 пайызын алмайды? Әлем бойынша депозиттен салық алынады. Депозит жағдайы бар адамдардың сақтап жатқан ақшасы.

Алып тастайтын жағдайлар бар. Отбасылық банкке салынып тұрған депозиттен салық алмай-ақ қойсын. Өйткені менің, сіздің де жұмысшыларыңыз бар, тырнақтап жинайды үй аламын деп. Одан алмай-ақ қойсын, басқа депозиттер көп мысалы. Әлемдік экономиканы қарайтын болсақ, мынадай қызықты нәрсе бар.

Халықтың депозиті ұлттық қордан аспауы керек. Біздің депозит ұлттық қордан асып кетті. Ол хаус. Екіншіден, тапқан ақшасы депозитке сақтай беретін болсақ, бизнеске салмай, онда орта бизнес өркендемейді. Бізде депозит 36 трлн теңге, орташа есеппен 13-17 пайыз ставка бар.

15 пайызбен есептейтін болсақ, жылына 5-6 трлн адамдар пайызымен алып жатыр. Оған таза пайданың 20 пайызын қосатын болсақ, жылына 1,5-2 трлн теңге үкіметке түсуі керек. Неге осыны айтпаймыз? Неге қосымша құн салығына қадала береміз? Өте теріс нәрселер көп», — деп түсіндірді кәсіпкер.