Тар шалбар ер адамның денсаулығына үлкен зиян тигізуі мүмкін – дәрігер - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тар шалбар ер адамның денсаулығына үлкен зиян тигізуі мүмкін – дәрігер

Тар шалбар ер адамның денсаулығына үлкен зиян тигізуі мүмкін – дәрігер

Маманның айтуынша, егер киім синтетикадан жасалған болса, бұл жылуды реттеудің бұзылуына әкеп соқтырады.

  • 21 Сәуiр
  • 31
Фото: ашық дереккөз

Тар немесе белді қысып тұратын шалбар немесе іш киім киіп, көлік жүргізетін ер адамдар өзінің репродуктивті денсаулығына үлкен зиян тигізеді. Бұл туралы ресейлік дәрігер уролог Андрей Лычагин ескертті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Тар, белді қысып тұратын киім ер адамның репродуктивті денсаулығына үлкен зиян тигізуі мүмкін. Бұл жағынан ең қауіпті — тар джинс, шалбар және іш киім. Егер киім синтетикадан жасалған болса, бұл жылуды реттеудің бұзылуына әкеп соқтырады. Шап аймағындағы температураның жоғарылауы, тіпті шамалы болса да, сперматогенезді, яғни шәует өндірісін нашарлатады», — деп түсіндірді дәрігер.

Сонымен қатар уролог ұзақ уақыт бойы бір жерде отыратын көлік жүргізушілерде ыңғайсыз киім кию арқылы репродуктивті денсаулыққа қауіп төнетінін айтты.

«Тар киім киіп, ұзақ уақыт көлік жүргізетін ер адамдар тәуекел аймағында. Жылуды реттеудің бұзылуынан басқа, жамбас аймағында қанмен қамтамасыз ету тоқырап, салдарынан көлік жүргізушісі белсіздікке шалдығады», — деп ескертті дәрігер.