Конференцияның ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің заң шығару институты мен ішкі істер министрлігі.
Конференцияның басты мақсаты қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату институтын қолданудың теориялық және практикалық проблемаларын қарау, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық құқық жүйесіндегі осы институттың әлеуметтік және құқықтық мәнін, ұғымын, нысанын, орнын анықтау болды.
Зағипа Балиева кіріспе сөзінде тараптардың татуласу институтын қолданудың оң тәжірибесі жәбірленушінің қылмыстық процестегі рөлі мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын толық әрі тез қалпына келтіруге ықпал етеді деп атап өтті. Бұл практика бірінші рет онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған және жәбірленушімен татуласуға байланысты оң мінез-құлық көрсеткен адамға қатысты ізгілік қасиетін білдіруге бағытталады. Министр «тараптардың татуласу институтының құқық қолдану тәжірибесінде қолданылу тиімділігі жеткіліксіз, қарастырылып отырған институтты қолдану тетіктерінің нақты айқындалған заңнамалық негізінің жоқтығы тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешімді қабылдау кезінде өз қалауы бойынша әрекет етуге заңмен құқық берілген тергеушілер, судьялардың тарапынаносы құзыретін асыра пайдалануға қолайлы жағдай жасайды», — деп атап көрсетті.
Сондай-ақ бүгін конференцияға қатысушылар қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру туралы және тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату кезінде прокурорлық қадағалау мен ведомстволық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы сөз қозғады.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде тараптардың татуласуы қылмыстық-құқықтық институтының арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті