Тараз әуежайында ірі контрабанданың жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз әуежайында ірі контрабанданың жолы кесілді

Тараз әуежайында ірі контрабанданың жолы кесілді

Тараз әуежайында ірі контрабанданың жолы кесілді. Пысықайлар кедендік рәсімдеусіз құны 19 жарым млн. теңгенің тонын заңсыз алып өтпек болған.

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 315
Фото - Caravan.kz

Стамбұлдан келген ұшақты тексеру кезінде, жалпы салмағы екі тоннадан асатын құндыз ішіктер мен қыстық киімдер, тіпті шұлық та табылған.  Кеденшілер тауар Түркиядан жеткізілген, әрі қапталған киім-кешекті тәркілеу кезінде оның иесі табылмады деп отыр. Тек тауар қожайындары қылмыстық іс қозғалып, тексеру басталғанда төбе көрсеткен. Кәсіпкерлер: «декларация толтыруды ұмытып кетіппіз» -деп түсініктеме беріпті.


Құдайберген Рысдәулет, Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бөлім бастығы:

— Тауарлар Стамбұл-Тараз бағытындағы жүк ұшағының жүк сақталатын бөлігіне қойылған. Сараптама қорытындысы бойынша тауардың жалпы салмағы-2 тонна 470 кг-ға жуықтайды. Қазіргі уақыттағы тауарлардың кедендік құны 19 млн. 500 мың теңгеден асады.