Бұл шешімді Жамбыл облыстық әкімдігі шығарған. Облыс әкімдігі «Тараздың» бас демеушісі болғандықтан, шешімді де солар қабылдайды. Шешім шығарушылар бапкердің не себепті қызметтен кеткенін ашып айтпады. Ал жаңа бапкер тағайындалғанша команданы Нұрмат Мырзабаев жаттықтыра тұрады.
«Тараз» ел чемпионатында он турдан кейін алтыншы орында тұр.