Тараз базарына жарылғыш зат қойылды деген ақпар жалған болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз базарына жарылғыш зат қойылды деген ақпар жалған болып шықты

Тараз базарына жарылғыш зат қойылды деген ақпар жалған болып шықты

Тараздың орталық базары төңірегінде шу басылар емес. Бұл жолы жұрттың дегбірін қашырған бомба қойылды деген ақпарат. Суыт хабар шаһардағы күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызды.

  • 30 Қазан 2012
  • 364
Фото - Caravan.kz


Бірақ бірнеше сағат тексеруден соңы жарылғыш зат ақыры табылмады. Қазір полицейлер телефон шалған қаскөйді іздеп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, бүгін көк базардың көшірілетін күні. Кәсіпкерлердің дені заттарын буып-түйіп жаңа орынға қоныстанып жатыр. Алайда, әлі де болса саудагерлердің басым бөлігі үйреншікті жерден ауысуға құлықсыздық танытуда. Олар сауда нүктелеріндегі тауарларын алудан бас тартып, оған қол тигізген тұлғаларды сотқа береміз деп сес көрсетті. Ал әкімдіктергілер қаулыға сәйкес базардан көшуге үш-ақ күн берілгенін тағы ескертті. Осы уақыт аралығында көшіп үлгермеген саудагерлерге базардың есігі тарс жабылады, тіпті контейнерлерге құлып салып, мөр де басылмақ. Сатушылар болса, билік жайымызға қалдырмаса бас көтеруге жиі-жиі шығамыз деп отыр.

Соңғы жаңалықтар